Бала өмірі – біздің жауапкершілік

- Қызылорда облысы бойынша балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап зардап шегуін немесе қаза болуын болдырмау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Сонымен қатар қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің және мини-маркет, сауда орындарының кіре беріс есіктерінің тұсына үгіттеу-түсіндіру парақтары ілініп, тұрғын үй ауласында ескерту, түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Осындай жағдайларды болдырмау бағытында “Терезе” жедел алдын-алу шарасы жолға қойылды. Мақсат біреу. Балардың денсаулығы бәрінен де маңызды. Оған бәріміз де жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әсіресе, тұрмысы төмен отбасыларда тұратын балалардың қауіпсіздігіне баса мән беріліп отыр. Біз мұндай отбасылардың тұрғын үйлеріндегі терезелерге қорғаныш құрылғыларын орнатуды жоспарлап отырмыз. Профилактикалық жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады,- деді Бейбітхан Оразайұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі