Терезеден құлау жағдайларының алдын алу қажет
Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептерінің бірі –терезеден құлау оқиғалары. Ашық терезе алдында кішкентай балалар осал болады, өйткені оларды ашық терезенің арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады. Бұл туралы әртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болуы деңгейі куәландырады.
Балалардың абайсыздығынан болған оқыс оқиға ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды.
Қазіргі жаз мезгілі ашық тұрған терезенің балаларының өміріне қауіпті екенін ата-аналар ұмытып кетеді.
Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздын жанында болғаныңызбен бірнеше секундқа бір нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін. Балаларыңызды ешуақытта қараусыз қалдырмаңыздар!
Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмауы үшін терезелеріңізге тіреуіш орнатыңыздар!
Терезеден құлау жағдайынын балаларды қалай сақтауымыз керек?
– Терезеден құлау оқиғаларына көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар.
– Терезеге шықпауы үшін терезе маңында жиһаздардың барлық түрін алып тастаңыздар.
– Масаға қарсы торларға ешуақытта сенбеңіздер! Олар құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, олар осы масаға қарсы торларды қауіпсіз деп ойлайды, алайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
– Мүмкіндік болса терезенің астыңғы жағын емес, жоғарғы жағын ашып қойыңыз.
– Балаңыз терезені аша алмауы үшін терезеге бірнеше арнайы бекіткіштер орнатыңыз.
– Егер сіз балаңызға терезеден бірдеңелерді көрсеткен болсаңыз, балаңызды қатты ұстап, қимыл-қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс әрекеттеріне дайын болыңыз, қолыңыз құрғақ болып, киімінен ұстамауға тырысыңыз.
– Егер сіздің дәл казір бекіткіш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітіп тұрған бұранданы бұрауышпен алып тастап, жоғары жаққа қойыңыз.
Барлық жоғарыда аталған ереже балконда да сақталуы тиіс.
Жыл сайын биіктен құлау себебінен көптеген бала мерт болуда. Сондықтан балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі