Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Жыл басынан бері облыс көлемінде балалар арасында 9 оқыс оқиға тіркелді. Оның ішінде 8 жағдай Қызылорда қаласында орын алса, 1 дерек Шиелі ауданына тиесілі. Салдарынан 2 - 6 жас аралығындағы 7 бала зардап шегіп, 2 бүлдіршін қаза болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

«Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы. Мұндай жағдайлардың алдын-алу мақсатында мамыр айында «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында акция өткізілді. Акция аясында 35 жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына терезе ашылуын шектететін блокиратор орнатылды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы және жақын орналасқан елді-мекендерге орнатылған дабылды-дауыс зорайтқыш қондырғысымен күнделікті сағат 11:00 және 19:00-де көпқабатты тұрғын үйлерге жақын орналасқан 10 нысан арқылы «Көп қабатты тұрғын үйлердегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде», - деді Саид Шазындаұлы.
23 тамыз 2021 ж. 533 0