Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала өмірі – біздің жауапкершілік

Бала өмірі – біздің жауапкершілік

Жаз мезгілі басталысымен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Өткен жылы балалардың терезеден құлауының 16 жағдайы тіркеліп, 17 бала түрлі жарақаттар алған.Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы, балалардың терезе алдында ойнауынан болып отыр,- дейді мамандар. Осыған орай аймақта “Терезе” жедел алдын-алу шарасы өз жұмысын бастады. Бұл туралы ТЖД төтенше жағдайларды алдын-алу басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов пен көпбейінді облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Жеңісбек Карбозов айтты.

– Қызылорда облысы бойынша балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап зардап шегуін немесе қаза болуын болдырмау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Сонымен қатар қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің және мини-маркет, сауда орындарының кіре беріс есіктерінің тұсына түсіндірме парақтары ілініп, тұрғын үй ауласында ескерту, түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Осындай жағдайларды болдырмау бағытында “Терезе” жедел алдын-алу шарасы жолға қойылды. Мақсат біреу. Балардың денсаулығы бәрінен де маңызды. Оған бәріміз де жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әсіресе, тұрмысы төмен отбасыларда тұратын балалардың қауіпсіздігіне баса мән беріліп отыр. Біз мұндай отбасылардың тұрғын үйлеріндегі терезелерге қорғаныш құрылғыларын орнатуды жоспарлап отырмыз. Профилактикалық жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады,- деді Бейбітхан Оразайұлы.

– 2025 жылдың алғашқы бес айында қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ. Бұл балалар қауіпсіздігі бағытындағы алдын алу шараларының тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Алайда, осы кезеңде 1415 бала түрлі себептермен стационарлық ем қабылдады. Осындай жағдайлардың орын алуы сыртқы ортаның қолайсыздығы мен ересектер тарапынан бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан болуда. Әрбір ата-ана мен ересек адам баланың өмірі мен денсаулығына жауапты екенін ұмытпауы керек. Жарақат алу қаупі бар жағдайларды дер кезінде анықтап, жою біздің ортақ міндетіміз. Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, оларға үнемі бағыт-бағдар беріп отыру ең алдымен ата-ананың құзырындағы жауапкершілік,- деді Жеңісбек Карбозов.


Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
06 маусым 2025 ж. 43 0