Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Шараға аймақ басшылығы, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары және жастар қатысты.
Абай – қазақ халқының рухани көшбасшысы, ұлттық сананы қалыптастырған ұлы тұлға. Оның мол мұрасы – адамзатқа ортақ қазына, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің алтын арқауы. Абай шығармалары - ел бірлігі мен руханиятының берік тірегі.
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп Ахмет Байтұрсынұлы атап өткендей, ұлы ақын есімін ұлықтау - бүгінгі ұрпақтың парызы.
Рәсімде Абайдың «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» өлеңі оқылып, «Көзімнің қарасы» әні орындалды.
Жалпы, Абай атамыздың 180 жылдығын атап өтуге арналған облыс көлеміндеге қала, аудан, ауылдық елді мекендерде байқаулар, интелектуалды сайыстар мен түрлі форматтағы іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді.