Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Словакия елінде Абай шығармалары дәріптелді

Словакия елінде Абай шығармалары дәріптелді

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бүгін Словакия еліндегі Я.А. Коменский атындағы университетте "Абай оқулары" іс-шарасы және зиялы қауым өкілдермен кездесу болды, – деп хабарлайды baq.kz
Айтулы жиын Қазақстан Республикасының Братислава қаласындағы Елшіліктің қолдауымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қатысты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен өтті.
Абай – қазақ халқы үшін аспандағы темірқазық сияқты. Оның өлеңдері мен философиялық ойлары ұлттың идеологиясына айналды. Абай поэзиясы – әлемдік поэзия. Абай – қайталанбас тұлға, тума талант. Абай өзінің 36-қара сөзінде ұят туралы айтып келіп: "Ұят кімде болса - иман сонда" деген... Демек, ол өз еңбектерінде ар мен ұят категорияларын қамшының өріміндей қатар қарастырған. Оның "Пайда ойлама, ар ойла" деуінің астарында терең мән жатыр. Мұнда қазақтың: "жарлы болма, арлы бол" дейтін тұжырымымен де үндестік бар – деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

31 қаңтар 2020 ж. 1 170 0