Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас ақын шығармалары – бастауыш сыныпта

Бас ақын шығармалары – бастауыш сыныпта

«Абай-дара, Абай – дана қазақта" тақырыбымен №44 орта мектептің 3 "Б" сынып оқушыларының қатысуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай іс-шара болып өтті. Ұйымдастырушы 3 «Б» сынып жетекшісі Гүлнат Әдікенова.

Шара барысында оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірінен үзінді қойып, шығармаларын жатқа оқыды.

Іс – шараға қатысқан ата-аналар мен көрермендер арасында ойын ойнатылып, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылып, жеңімпаз қатысушыларға Абай атамыздың қара сөздер жинағы сыйға берілді.

Кеш соңында мектеп директоры Сламбек Каюпов іс-шараға қатысқан ата – аналарға, мектеп оқушыларына және шараны ұйымдастырушы сынып жетекшісіне ризашылығын білдірді.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
27 ақпан 2020 ж. 753 0