Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлесіміз «Құрмет» орденінің иегері атанды

Жерлесіміз «Құрмет» орденінің иегері атанды

Сыр елі қашанда шалғайда жүрген түлектеріне тілектес. Қай тарапта, қай талапта жүрсе де туған жердің абыройын асқақтатып жүрген азаматтар – ел мақтанышы. Жерлесіміз Нұрбол Абызбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанғанын Сыр жұртшылығына сүйіншілегіміз келеді.

Қайраткер тұлға, аудандық газетте өзіндік қолтаңбасы қал­ған Абызбай Маханбетовтің ұлы бүгінде текті әулеттің түлегі ғана емес, еңбекпен есейген, жұ­мысты жауапкершілікпен ат­қарып, тапсырманы тиянақты орындай білетін қарым-қабі­летімен танылған, үлкен-кішінің алғысын арқалаған, білікті бас­шы, іскер ұйымдастырушы ретінде жерлестерінің мақта­ны­шына айналды. Ол қазір «Қаз­АвтоЖолсервис» ЖШС Түр­кістан облыстық филиалының директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.

Көлік қызметкерлері күні қар­саңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен құт­тықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті. Премьер-министр өз сөзінде көлік-логистика секторының ел экономикасын дамытудағы басты рөлін атап өтті.

Мемлекеттік марапатқа ие болғандар қатарында жерлесіміз Нұрбол Абызбаевтың болуы – біз үшін қуанышты жаңалық. Ғиб­ратты ғұмыр кешіп, өнегелі өмірімен көпке үлгі болған ардақты әкесінің абыройлы жо­лын жалғап, жақсы жетіс­тіктермен биік бе­лестерді ба­ғындырып, жұ­мысында нәти­же­лі істермен көзге түсіп жүр­ген аза­мат бүгінде ел игілігі үшін қызметін аямайды. Ел игілігі жолында қажымай еңбек ету – әр азаматтың басты борышы.

– Бұл марапат – ұзақ жылғы адал еңбекке берілген лайықты баға болды, сондай-ақ ізденіске толы күндер мен ұйқысыз түн­дердің өтеуіндей болған марапат ретінде біз үшін құнды. Өмірде ата-анадан кейін ең қымбат адам, ол – бауыр. Бауырым мемлекеттік наградаға ие болғанда төбем көкке екі елі жетпей қалды. Нұрбол інім күні-түні, қысы-жазы жолда жүреді. Ол жолдың жөндеу жұмыстарын, оның қауіпсіздігін ұйымдастырып, қадағалап, жолаушылар мен кө­лік жүргізушілердің жағдайын жасау мәселелерінің шешімін тауып, өз міндетін жоғары жауап­кершілікпен атқарып келеді. Осы ретте әкеміздің «Құрмет белгісі» орденінің иегері екенін және сол жақсы жетістікті Тәуелсіздік кезеңінде Нұрбол інім «Құрмет» ор­денімен жалғастырып жат­қанын да айта кеткенім жөн, – дейді газетіміздің тұрақты оқыр­маны әрі жанашыры Ғалым Абызбаев.

Айта кетейік, мемлекеттік наг­­ра­даны жерлесімізге Көлік қыз­меткерлері күні қарсаңында Үкімет басшысы Олжас Бектенов арнайы табыстап, құрмет көр­сетті. Адал еңбегімен құр­метке бөленген жерлесімізді мем­­­­­­лекеттік марапат иегері ата­­нуы­­мен шын жүректен құт­тықтаймыз!

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ

05 тамыз 2025 ж. 331 0