Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ардагерге құрмет көрсетілді

Ардагерге құрмет көрсетілді

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері, партия ардагері Алмагүл Бақтияроваға құрмет көрсетілді.

Игі іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық партия филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы қатысты.

Аудан басшысы бастаған азаматтар еңбек ардагерін Республика күні мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, мол бақыт тіледі. Сондай-ақ облыстың, ауданның қоғамдық-саяси, рухани-мәдени дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, мемлекеттік наградамен марапатталуымен құттықтады.

Өз кезегінде «Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері, партия ардагері Алмагүл Бақтиярова шексіз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Сыр өңірінің дамуына тілектес екенін жеткізіп, ақ батасын берді.
26 қазан 2024 ж. 246 0