Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезекті мәрте Іңкәрдарияда мониторинг жүргізілді

Кезекті мәрте Іңкәрдарияда мониторинг жүргізілді

Аудандық аурухана жанынан құрылған мобильді топ мүшелері құрамында аудандық ауруханасының фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраимова, фтизиопедиатр Анар Ибраймова болды. Бұл ретте, ақ халатты абзал жандар Іңкәрдария ауылындағы емдеу мекемесінде туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің арнайы бұйрығы негізінде мониторинг жұмысын жүргізді.

Арнайы мониторинг негізінде нақты бұйрық бойынша алдағы атқарылатын жұмыс сараланды. Сонымен қатар қадағалап ем беру кабинетінің жұмысы тексеріліп, сала мамандары жекелеген тапсырма берілді. Нақты құрал-жабдықтар басты қадағалауға алынып, сақталу жолдары қарастырылды. Мамандар өзара пікір алмасып, науқастардың жағдайы сараланды. Арнайы бұйрық негізінде жасалуға тиісті көптеген мәселе аясында алдағы міндет айқындалды.



Сырдария аудандық ауруханасы
04 тамыз 2025 ж. 356 0