Мониторинг жұмысы Іңкәрдария ауылында жалғасты

Аталған мониторинг негізінде арнайы бұйрық бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Сонымен қатар қадағалап ем беру кабинетінің жұмысы тексеріліп, сала мамандары жекелеген тапсырма берілді. Нақты құрал-жабдықтар басты қадағалауға алынып, сақталу жолдары қарастырылды. Мамандар өзара пікір алмасып, науқастардың жағдайы сараланды. Арнайы бұйрық негізінде жасалуға тиісті көптеген мәселе аясында алдағы міндет айқындалды.
– Туберкулез дертімен күресте біз қашанда жекелеген талаптарға бағынамыз. Жақында бір айлық шеңберінде Іңкәрдария ауылында облыстық акция өткізілді. Қашанда біз жергілікті халық арасында аурушаңдық деңгейін азайтуға байланысты кешенді іс-шараны жүргіземіз, – деді Ләззат Ибраимова.