Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мониторинг жұмысы Бесарық ауылында жүзеге асты

Мониторинг жұмысы Бесарық ауылында жүзеге асты

Туберкулез дертінің алдын алуға қатысты арнайы министрліктің бұйрығы негізінде Сырдария аудандық ауруханасының мамандары Бесарық ауылында болды.

Бұйрық аясында аудандық аурухананың фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраимова, фтизиопедиатр Анар Ибраймова аталған елді мекеннің мамандарының қатысуымен мониторинг жүргізді.

Бесарық ауылының мамандарына тікелей жауапкершілікті сезініп, тұрғындар арасында туберкулез дертін ерте сатыда анықтау керектігі ескертілді. Аудандық аурухананың фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраимова семинар-сабақ өткізіп, сала мамандарына көптеген мәлімет берді. Туберкулез дертіне қатысты бұған дейін жасалған жұмысқа оң баға беріп, кемшіліксіз кез келген іс-шараны атқару керектігі айтылды.



Сырдария аудандық ауруханасы

27 сәуір 2025 ж. 401 0