Мониторингте мән беретін мәселе көп
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылы «Туберкулездің алдын алу шараларын жүзеге асыру» мақсатында №214/2020 бұйрығы жарық көргені мәлім. Аталған бұйрықтың шеңберінде аудандық аурухананың фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраимова, фтизиопедиатр Анар Ибраймова Асқар Тоқмағамбетов ауылында арнайы мониторинг жұмысын жүргізді.Мониторинг кезінде сала мамандары арнайы бұйрық бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар жан-жақты қарастырылды. Қадағалап ем беру кабинетінің жұмысына аса мән беріліп, жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға баға берілді. Науқастардың жағдайын саралап, бірнеше бағытта жасалуға тиісті іс-шара легі көрініс тапты.
Туберкулез дертіне қатысты кешенді іс-шаралар басшылыққа алынып, ауқымды мәселенің түйіні тарқаталды.
Сырдария аудандық ауруханасы










