Аманкелді ауылында сала мамандарының жұмысы пысықталды
Сырдария аудандық ауруханасының фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраймова, фтизиопедиатр Анар Ибраймова мониторинг жұмысын Аманкеді ауылында жалғастырған болатын. Мониторинг кезінде ақ халатты абзал жандар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылы «Туберкулездің алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру» мақсатында №214/2020 бұйрығы негізінде елді мекендегі емдеу мекемесінде атқарылып жұмыстарға назар аударды. Сала мамандарына бұйрық бойынша жүрзіліп жатқан жұмыстарды пысықтап, арнайы құжаттарды мұқият толтыру керектігі ескертілді.











