Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Халық қалаулысы – ел ішінде

Халық қалаулысы – ел ішінде

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партия­сы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен келді. Мәжіліс депутатын аудан әкімі Берік Сәрменбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов күтіп алып, ең алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы туралы ақпарат берді.

Топ құрамында «AMANAT» пар­тиясы Қызылорда облыстық фи­лиа­­лының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихат депу­­­таты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партиясы Сырдария ау­дан­дық филиалының Атқарушы хат­шысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудан­дық мәс­­лихат депутаттары Алмас Есназар мен Марат Бакуов болды.

Ең алдымен, халық қалаулысы С.Сейфуллин ауылындағы №137 ор­та мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мәжіліс депутаты С.Сей­фул­лин ауылындағы №137 орта мектебін күрделі жөндеу сапалы әрі уақытылы жүргізілуі керек екенін айтып, мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесті. «Н-Строй сервис» серік­тес­тігінің өкілдері күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айының ортасында басталғанын айтып, қазан айында толық аяқтау жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталған, ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебін жөндеу жұмысы халықтың талап-тілегінен туындаған жұмыс екенін айтып, сапасына мән беру керектігін ескертті. Жалпы күрделі жөндеу барысына облыстық бюджеттен 309,1 млн теңге бөлінген.

Бұдан кейін халық қалаулысы Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғын­дарымен, ардагерлермен, жастармен кездесті. Кездесу барысында Мәжіліс депутаты сегізінші шақырылымның үшінші сессиясында атқарылған жұ­мыс­тар туралы айтты.

– Біз «AMANAT» партиясы фрак­циясының жиынында Мәжілістегі сегізінші шақырылымының үшінші сессиясында атқарылған жұмысты қорытындыладық. Қабылданған заң­дардың саны мен шешілген мәсе­лелердің ауқымы жағынан алып қарайтын болсақ, бұл саяси тұрғыда мазмұнды кезең болды. Қабылданған бастамалар негізгі салаларды қам­тыды: экономика, денсаулық сақ­тау, білім беру, әлеуметтік қорғау, цифрлық инфрақұрылым және аза­маттардың құқықтары. Біз сайлау­шылардың ұсыныс-пікірін алдағы уақытта да ескеріп, нақты жұмыстар атқаратын боламыз. Енді, міне Сыр еліне депутаттық қызмет сапарымен келдік. Өңірді аралап, өндірістік жобалармен танысып, экономикалық-әлеуметтік саладағы қалыптасқан жағ­дайды өз көзімізбен көріп, сайлаушылармен кездесеміз. Біз ең алдымен халыққа берген сайлауалды уәдемізді орындауымыз керек. Жол картасына түскен әрбір іс-шараның уақытылы, сапалы жүзеге асуы қатаң бақылауда, – деді Мұрат Ергешбаев.

Ауыл ардагерлері мен тұрғындар пікір білдіріп, атқарылған жұмыстарды оң бағалап, Мәжіліс депутатының жұмы­сына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауыл ардагерлерінің ұсынысымен қазақы үрдіске сәйкес М.Ергешбаев кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді.

Сапар аясында Мәжіліс депутаты аудандағы «Паллиативтік көмек» және «Медициналық оңалту» бөлімшесінде болып, дәрігерлермен және ем қабыл­даушылармен пікірлесті.

                                         

Мәжіліс депутаты тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін «Паллиативті көмек» және «Меди­­циналық оңалту» бөлімшесінің жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажет­тігін айтты.

– Әрине, көп мәселе қаржы және уақытты талап етеді. Келген азаматқа мұны түсіндіріп, заңнамалық тұрғыда кеңес беру керек. Әрбір нысаналы топқа бағытталған партиялық жобаларымыздың өз мақсатына сай жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз қажет. Жасалған жұмыстар халыққа кеңінен насихатталуы керек. Біз келіп отырған бүгінгі нысан да біздің халыққа берген уәделеріміздің нақты іске асуының нәтижесі, – деді Мұрат Ергешбаев.

Айта кету керек, «Паллиативті көмек» және «Медициналық оңалту» көрсету бөлімшесі 60 төсек-орынға арналған. Бөлімше тиісті мамандармен, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен толық қамтамасыз етілген. Бейіндендірілген төсек-орындары мен қызметкерлер «Ресурстарды басқару жүйесі» ақ­па­раттық жүйесіне енгізілген. Бөлім­ше ашылғаннан бергі соңғы 6 айда 340 науқас ем қабылдаған.

Айта кетейік, Мұрат Ергешбаев «Руханият орталығында» болып, біре­гей орталықтың жұмысымен таныс­ты. Сондай-ақ аудан ардагерлерімен, қоғам­­дық кеңес мүшелерімен, жастармен кездесті.

Кездесуде елімізде қабылданып жатқан заңдар мен олардың орындалуы туралы айтылды. Мәжіліс депутаты қоғамдағы өзекті мәселелер, оның ішінде лудомания, алаяқтық, кибербуллинг секілді қыл­мыс­тардың себеп-салдары жөнінде пікір алмасты.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауын­да: «Біздің қоғамымызда заң мен тәр­тіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» деп нақты міндеттерді белгілеген болатын. Түрлі гаджет мен смартфондағы бағдарламалардың кө­­ме­­­­гімен жасалатын алаяқтық, ки­бер­­­шабуылдар схемасы сәт сайын өз­геріп, қадамдары жаңарып барады. Халықтың қаржылық қауіпсіздігі үшін қаржылық пирамидалар, құмар ойын­дарға тәуелділік, интернет-алаяқ­тық, дропперлік қыл­мыс­тар­дың алдын алуда уақытылы, тиісті шешімдер қабыл­даудың маңыз­дылығы артты. Бір қарағанда жеке адам­ның мәселесі секілді көрінуі мүмкін. Бұл – тұтас қоғамға, әрбір отба­сыға, ұрпағымыздың бола­шағына әсер ететін қауіп-қатер, – деді Мұрат Ергешбаев.

Аудандық қоғамдық кеңес мүше­лері қоғамдағы ортақ мәсе­лелер мен құндылықтар туралы ой қозғап, қабылданып жатқан заңдардың ма­ңыз­дылығына тоқталды. Сонымен қатар атқарылған жұмыстарды оң бағалап, Мәжіліс депутатының жұмы­сына сәттілік тіледі.


«Тт» ақпарат

15 шілде 2025 ж. 262 0