Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп құрылысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп құрылысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге С.Сейфуллин елді мекеніндегі №137 орта мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Зерделеу жұмыстарына Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып, Сырдария аудандық мәслихат депутаттары, депутаттық фракция мүшелері Алмас Есназар, Марат Бакуов, Болатбек Ұлтанбекұлы қатысты.

Елді мекендегі №137 орта мектеп 1974 жылы салынған. Жалпы сыйымдылығы 460 орынға негізделген. Биыл мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 309 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын медігер мекеме «N Cтрой Сервис» ЖШС атқаруда. Бүгінде білім ғимаратының сырты қапталып, ішкі жұмыстары жүргізілуде.

26 маусым 2025 ж. 454 0