Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп жөніндегі жиын өтті

Сырдария ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп жөніндегі жиын өтті

Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұржан Ешниязовтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп талаптарын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің талаптарын кеңінен насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіру және қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтаудың маңызын атап өту болды.

Іңкәрдария ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысқан кездесуде қызметтік тәртіп, моральдық-этикалық талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық мінез-құлқына қойылатын талаптар талқыланды.

Сонымен қатар, соңғы жылдары қоғамда белең алып келе жатқан лудомания мәселесі де сөз болды. Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысу заңмен тыйым салынатыны және мұндай әрекеттердің қызметтік этика мен қоғам алдындағы абыройға кері әсері туралы түсініктеме берілді.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Мемлекеттік қызметшілер заң талаптарын бұзбауға, әрдайым әдеп нормаларын сақтауға дайын екендіктерін жеткізді.

13 маусым 2025 ж. 350 0