Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әдеп жөніндегі уәкіл туралы не білеміз?

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы не білеміз?

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзудың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Бүгінде мемлекеттік қызметке келіп жатқандардың көбі – жастар. Сондықтан жас буын арасында да осы ережені кеңінен насихаттау – біздің міндетіміз. Оған қоса қазір – ақпараттық технологияның дамыған заманы. Барлық адам әлеуметтік желіні жақсы пайдаланады. Әйткенмен, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге осындай сан алуан желіні қолдану тұрғысында қатаң тәртіп қойылған. Оның өзі – қызметшінің оң имиджіне нұқсан келмес үшін қадағалануы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді. Осылайша, әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлықты ұлттық құндылыққа жат құбылыс ретінде сезіну, қабылдамау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы өз үлесін қосады.

Жалпы айтқанда, қызметкерлер мен азаматтар әдеп жөніндегі өкілетті уәкілге кеңес алу, проблемалық жағдайларды реттеу, әріптестерімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жүгіне алады.

Н. ЕШНИЯЗОВ,
Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл 
29 қазан 2024 ж. 129 0