Әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттік қызметшінің кеңесшісі
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілерге кеңес беретін мемлекеттік қызметші. Оның негізгі міндетіне әрбір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын, Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру, сонымен қатар, өздерін толғандырып жүрген сауал бойынша жеке консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүргізеді. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет атқаруда орын алған әр түрлі құқық бұзушылықтарды талдап, оған жол бермеу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Соның негізінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақталуына бұқарат ақпарат құралдарына жарық көрген материалдарды зерделеу және әлеуметтік желілердегі аккаунттарына бақылау жасайды.
Әдеп жөніндегі уәкіл тағы бір міндеті саналатын ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында анонимді сауалнама жүргізді. Нәтижесімен ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынасына, қызметшілердің құқығының бұзылуына талдау жасалып, тиісті ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу жағдайлары бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудан әкімі ғимаратында Әдеп жөніндегі уәкілдің мәліметтері, қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған.
Әрбір мемлекеттік мекемеде Әдеп жөніндегі уәкіл функциясының енгізілуі мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуына, ұжымда қалыпты жағдайдың орын алуына септігін тигізеді.
Р.ШАЙХИЕВ,
Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл
Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл