Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Достар arena» футбол алаңы – халық игілігіне

«Достар arena» футбол алаңы – халық игілігіне

Аудан орталығынан жұртшылыққа арнап «Достар arena» футбол алаңы пайдалануға берілді. Осы бастаманы ұйымдастырып, іске асырған жас кәсіпкер Әсет Ахметов болатын. Ашылу салтанатына орай жыларалық жастар арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жалпы футбол алаңының ау­мағы 38/19 метрді құрап, 100 адам­­дық орындық пен заманауи құрыл­ғылармен жабдықталған. Жасыл алаңның құрылысына бір жылдай уақыт пен 10 млн теңге шамасы қаржы жұмсалған. Осы халықтың игілігі үшін басталған бастаманы жүзеге асырып, пайдалануға табыстаған жас кәсіпкер Әсет Ахметовтің бұл істе еңбегі зор.

Ала доптың бәйгесін жас кәсіп­кердің әкесі Бақытжан Ахметов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Қазіргі кезде халықтың игілігі үшін жасалған жасыл алаңның тұсауы кесіліп, алғашқы турнир өтуде. Бұл бас­тама барша жұртшылыққа жаңа тың өзгеріс әкелсін. Ойыншыларға жеңіс тілеймін. Осы футбол алаңында ірі көлемде жарыстар ұйымдастырылып, берекелі орта болсын. Бүгінгі өтіп жатқан турнир алғашқы баспалдақ есебінде ынталандыру ойыны деп есептеймін. Қатысып жатқан әр команда жеңімпаз болуға лайықты. Алдағы уақытқа тек жеңіске толы күн тілеймін, – дейді Бақытжан Ахметов.

Турнирге тоғыз команда қатысты. Әр команда кезекпен-кезек ойнап, жартылай финалға іріктелді. Қа­тысу­шылардың футболға деген қызығу­шылықтары ойын сайын артып, мықты командалар жүлделі орынға бақ сынады. Қызықты әрі тартысты өткен ойында ІІІ орынға «98-дер» ойын­шылары ие болса, ІІ орынды «92-лер» ойыншылары қанжығасына байлады. Ал С.Сейфуллин ауылының 2005 жылғы ойыншылары жүлделі І орынды иеленді. Жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.


Гүлсезім ТАБЫНБАЙ
10 маусым 2025 ж. 243 0