Аптадағы жұмыстар пысықталды

Атап өту керек, негізгі апталық жұмыс дүйсенбіде пысықталып, жұмыс аптасы соңында қорытындыланып отырады. Бүгінгі аппарат жиынында да филиал басшылығымен әрбір бөлімге тиесілі жоспарланған жұмыстардың сапалы орындалуы кеңінен талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
Оның ішінде партия филиалы жанындағы кеңестер, қоғамдық қабылдаулар, партиялық жобалар мен партиялық бақылау шаралары, «Жастар рухы» Жастар қанатымен жоспарланған жұмыстардың мерзімінде, сапалы ұйымдастырылуы тапсырылды.