Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Абаттандыру жұмыстарына партиялық бақылау жасалды

Абаттандыру жұмыстарына партиялық бақылау жасалды

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тереңөзек кентінің орталық алаңына жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының сапасына партиялық бақылау жасады.

Аталмыш жұмыстарды жүзеге асырып жатқан мердігер мекеменің өкілі жұмыстардың мерзімі өз уақытымен жүріп жатқандығын және жергілікті жердің құрылыс өнімдері пайдаланып жатқандығын атап өтті. Өз кезегінде аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Жұмабек Әшімұлы Ембергенов абаттандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуіне, еңбек қауіпсіздігі шараларының қадағалауын ұдайы назарда ұстауды атап айтты. Абаттандыру жұмыстары барысында орталық алаңға қосымша жарық шамдары, мүсіндік композициялар, жаңа орындықтар мен қоқыс салу жәшіктері орнатылатын болады.
27 сәуір 2021 ж. 615 0