Тыл - мылтықсыз майдан!

Сұрапыл соғыс жылдары ересектермен бірге қабырғасы қайысып еңбек еткен жасөспірім жеткіншектің бірі-Сағидатов Мәжит 1927 жылы(кейбір құжаттарында 1929 жылы) қазіргі Жалағаш ауданының аумағындағы(15 ауыл) 1 май ауылдық кеңесіне қарасты Жамбыл атындағы(қазіргі Мәдениет ауылының ізіндегі)колхозда туған.
Осы ауылдық кеңестегі 1май 7 жылдық мектебі мен Мақпалкөл орта мектебін және Жоғарғы партия мектебін оқып бітірген.
Қазақстан КП Жалағаш аудандық комитетінде нұсқаушы,кабинет меңгерушісі,бөлім меңгерушісі және Жалағаш,Мәдениет совхоздарының партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарған.
Тыл және партия органдарының ардагері Сағидатов Мәжит ағай марапатталған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасынан бастап,1982 жылы "Қазақстан"баспасынан жарық көрген
"Түпкі жоғары нәтиже үшін"деген методикалық кітабы,еңбек кітапшасы,запастағы офицердің әскери билеті,Жоғарғы партия мектебі тыңдаушысының куәлігі,ауылдық,аудандық кеңестің депутатының куәлігі,аудандық партия комитеті мүшесінің кәуәлігі,кәсіподақ ұйымына мүшелік билеті,бірнеше қоғамдық ұйымдарға мүшелік және қызметтік куәліктері мен қызмет бабында күнделік ретінде пайдаланған қойын дәптерлері,делегаттық мандат куәліктері барлығы 38 құжаттары мен суреті музей экспонаттары қатарында сақталуда.
Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі