Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа музейге – жаңа жәдігер

Жаңа музейге – жаңа жәдігер

«Жаңа музейге – жаңа жәдігер» акциясы аясында Еңбек және соғыс ардагері Болат Нұрсейітовтің (1923-1991 жж.) жеке заттары мен орден-медальдарын немересі Қанат Нұрсейітов Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорына табыс етті.

Болат Нұрсейітов - 1923 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Далакөл ауылдық Советінде (қазіргі Ақжарма ауылдық округі) дүниеге келген.

1942 жылы аламесек МТС-інде трактор бригадасының есепшісі қызметін атқарған.

1942-1943 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сталинград майданында қатардағы пулемет атқышы болған. 1943 жылы соғыс уақытында жаралы болып елге оралған.

1943-1947 жылдары аралығында Шандайкөл колхозында колхозшы, колхоздың есепшісі, Ақжарма ауылдық Советінің хатшысы, колхоз басқармасы төрағасының орынбасары, колхоз партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарған.

1956 жылы СОКП мүшесі.

1967 жылы Ленин атындағы колхозда өндіріс бригадирі.

1967-1976 жылдары аралығында Ильич атындағы совхозда бөлімше меңгерушісі, бас дипетчер, өндіріс бригадирі және агрохимик қызметтерін атқарған.

1989 жылдан өмірінің соңына дейін Ильич атындағы совхозда ардагерлер Советінің төрағасы болды.

Бірнеше дүркін аудандық және совхоз партия комитетінің мүшесі, ауылдық Советтің депутаты болған.

II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «СССР», «Ленин» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Ұлы отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл», «КСРО Қарулы күштері» және тағы басқада медальдармен марапатталған.

Аудандық музей қорына ұрпақтан-ұрпаққа жеткен отбасылық құнды жәдігерлерді тапсырып, музей ісіне жанашырлықпен қараған Қанат Нұрсейітовке Алғыс айтамыз!

«Жаңа музейге – жаңа жәдігер» акциясы алдағы уақытта да жалғасын табатынын хабарлай отырып, аудан халқын осы акцияға өз үлестерін қосуға шақырамыз!

05 наурыз 2025 ж. 113 0