Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Нұрым Сәлімгереев “Сыр Барысы” атанды

Нұрым Сәлімгереев “Сыр Барысы” атанды

Қазақ күресінен XVI облыстық “Алтын белбеу” жарысы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған спорттық жарысқа кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар және ересектер санатында 10 салмақ бойынша 250-ден аса спортшы қатысып, шын мықтылары жеңіс тұғырынан көрінді.

Балуандар бәсекесінде көрермен әртүрлі салмақтағы белдесулерден соң түйе палуандардың сайысына куә болды. 16 спортшы бақ сынаған додада ІІІ орын 18 жасар Сұлтан Бейбарыс иеленіп, “Сыр Сұңқары” атанды. Ал, ақтық айқаста Нұрым Сәлімгереев пен Мақсат Исағабылов өзара белдесіп, жеңісті Нұрым Сәлімгереев өз қанжығасына байлады. Осылайша, ІІ орын иеленген Мақсат Исағабылов “Сыр Арланы” атанса, “Сыр Барысы” атағын Нұрым Сәлімгереев иеленді.

Айта кетейік, қос спортшы алдағы уақытта өтетін “Қазақстан Барысы” додасында аймақтың намысын қорғайтын болады.

29 мамыр 2025 ж. 440 0