Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » СЫР ПАЛУАНДАРЫ "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНА" ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

СЫР ПАЛУАНДАРЫ "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНА" ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР


Астана қаласында 1 шілде күні Елорданың 20 жылдық мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирдің ақтық сыны өтеді. Айтулы бәсекеде еліміздің ең мықты деген 35 палуаны бақ сынасады.
   Қызылорда облысының намысын Еламан Ерғалиев, Нұрым Сәлімгереев және Мақсат Исағабылов қорғайды. Бүгінде Сыр балуандары "Евразия" спорт кешенінде дайындалуда. Қызылорда облысында қатарынан тоғыз рет "Алтын белбеу" облыстық жарысы ұйымдастырылып, оған төрт жас ерекшелігі бойынша биыл 8500 спортшы қатысты.
    Дүбірлі додада Нұрым Сәлімгереев "Сыр барысы", Мақсат Исағабылов "Сыр арланы" атанды.
Айта кетейік, 2017 жылғы Қазақстан Барысы атағын жерлесіміз Еламан Ерғалиев жеңіп алған болатын.
06 маусым 2018 ж. 1 593 0