Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызылордада қазақ күресінен «Алтын белбеу» жарысы өтті

Қызылордада қазақ күресінен «Алтын белбеу» жарысы өтті

«Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен XIІI облыстық «Алтын белбеу» сайысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Өңіріміздің барлық аймағынан құралған 9 командадан 200-ден аса ең мықты балуандар өзара белдесті.

Ауыр салмақта өнер көрсететін түйе палуандар сайысына қатысқан 16 спортшының арасынан 1 орын «Сыр барысы» – Мақсат Исақабыловқа бұйырды. 2-орынды «Сыр арланы» Нұрым Сәлімгереев жеңіп алды. 3-орынды «Сыр сұңқары» – Жұмахан Сағыныш иемденді.

Сонымен, «Алтын белбеу» белдігінің иегері Қызылордалық Мақсат Исағабылов атанды.

1 және 2-орын алған балуандар 3 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды. Қос спортшы «Астана күні» мерекесі қарсаңында ел астанасында облыс намысын қорғайтын болады.
30 мамыр 2022 ж. 710 0