Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыр барысы» анықталды: дәстүрлі дода мәресіне жетті

«Сыр барысы» анықталды: дәстүрлі дода мәресіне жетті

Қызылордада ұлттық спорттың мәртебесін айшықтайтын қазақ күресінен XVI облыстық «Алтын белбеу» жарысы жалауын көтерді. Биыл он алтыншы мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі додаға жеті аудан, Байқоңыр мен Қызылорда қаласынан 250-ден астам балуан қатысты. Жарыс ережесіне сәйкес, қатысушылар кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар және ересектер санатында 10 түрлі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Көрермен әртүрлі салмақтағы белдесулерден соң түйе палуандардың сайысына куә болды. 16 спортшы бақ сынаған додада ІІІ орынды 18 жасар Сұлтан Бейбарыс иеленіп, “Сыр сұңқары” атанды. Ал, ақтық айқаста Нұрым Сәлімгереев пен Мақсат Исағабылов өзара белдесіп, жеңісті және “Сыр барысы” атағын Нұрым Сәлімгереев өз қанжығасына байлады. ІІ орын иеленген Мақсат Исағабылов “Сыр арланы” атағын иеленді.
Айта кетейік, қос спортшы алдағы уақытта өтетін “Қазақстан барысы” додасында аймақ намысын қорғайды.


@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

29 мамыр 2025 ж. 236 0