Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде мәжіліс өтті

Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде мәжіліс өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.

Жиын барысында өңірдегі кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайы талқыланып, бизнесті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар қарастырылды. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жобалардың орындалуы жөнінде ақпарат берді.

Аудан басшысы шағын және орта бизнес аудан экономикасының негізі екенін атап, кәсіпкерлікті дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ, мәжілісте бірқатар ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кәсіпкерлерді қолдау мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 мамыр 2025 ж. 157 0