Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПКЕРЛІК КЕДЕРГІСІЗ ДАМЫП ЖАТЫР

КӘСІПКЕРЛІК КЕДЕРГІСІЗ ДАМЫП ЖАТЫР


Елбасының жолдауында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту тенденциясын қолдау мақсатында аймақ басшысының бастамасымен 2021 жылға дейінгі алдағы 3 жыл «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып белгіленіп, осы саланы дамытуға жан-жақты жағдай жасалуда.
Осындай жаңа мүмкіндіктердің арқасында, Қызылорда қаласының бизнес климаты жақсарып, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасқан.
Оның дәлелі, облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,9 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
2018 жылдың 1-ші қыркүйегіне қалада 26 мың 087 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның ішінде жеке кәсіпкерлер - 19 мың 694, заңды тұлға - 5 мың 574, шаруа қожалықтары – 819 құрады.
Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерінде шағын және орта бизнесті дамытудың басты көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес 2018 жылдың бірінші қыркүйегіне 2 мың 622 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 2 мың 671 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен (1561 кәсіпкерлік субъекті тіркелсе, 1674 жаңа жұмыс орны ашылған) салыстырғанда 59,5 пайызға артты.
Жыл басында нақты жоспарлы көрсеткіштер қамтылған «Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің кәсіпкерлікті дамыту бойынша Жол картасы» бекітілді. Бүгінгі күні карта аясында жалпы құны 3 млрд. 054 млн. теңгені құрайтын 165 жоба іске қосылып (жобалардың 47,8 пайызы елді мекендердің үлесінде) 232 жаңа жұмыс орны ашылды.
15 қазан 2018 ж. 1 301 0