Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға түсу – бала өміріне қауіпті

Суға түсу – бала өміріне қауіпті

Балалар үшін асыға күтетін жазғы демалыс та келіп жетті. Бұл – табиғат аясында тынығу, суға шомылу, ойын-сауық пен еркіндік мезгілі. Алайда дәл осы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналардың басты міндеті саналады.

Әсіресе, суға шомылу маусымы басталғанда, қайғылы оқиғаға жол бермеу жауапты сала мамандары үшін қауіп­сіздік ережесін сақтау аса маңызды. Жыл сайын елімізде су айдындарында бала­лардың қаза табуы жөнінде өкінішті оқиға тіркеліп жатады. Оның негізгі себебі – судағы тәртіптің сақталмауы мен баланың қараусыз қалуы болып табылады.

Негізінен су айдыны – сергітетін және көңілді уақыт өткізуге арналған тамаша орын болып табылғанымен, расында қауіпсіздік іс-шарасын ескерген дұрыс. Су арналарының ағысы, тереңдік деңгейі, кенеттен суық суға түсу – барлығы қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.

Суға шомылуға тек арнайы рұқсат етілген, құтқару қызметі бар орындарға ғана барған дұрыс. Балалар ешқашан үлкендердің бақылауынсыз суға түспеуі керек. Сонымен қатар, жүзу білмейтін балаларға терең суға жақындауға мүлде болмайды.

Мектептер мен жергілікті әкім­ші­ліктер де бұл бағытта алдын алу шара­ларын күшейтуде. Оқушылармен судағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ережелермен таныстыру – маусымның басты шараларының бірі. Баланы үлкендерсіз суға түсуге жібермеген дұрыс. Көзден таса қалдырмау – ең маңызды ереже. Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамауымыз керек. Себебі әрбір бала біздің бола­шағымыз. Сондықтан ата-аналар балаларын үнемі бақылауда ұстауы керек. Олар суға түсер алдында қауіпсіздік ере­желерін түсіндіріп, тек белгіленген және қауіпсіз орындарға баруға рұқсат беруі тиіс. Балалардың жалғыз шомылуы­на болмайды, әрқашан ересек адамның бақылауы қажет.

Қорыта келе, жазғы демалыста суға түсу – балалар үшін қуанышты сәт болғанымен, оның қауіп-қатерін естен шығармау қажет. Ата-аналардың жауапкершілігі – балаларды үнемі қада­ғалап, суға түсу ережелерін дұрыс түсін­діру. Тек сол кезде ғана жазғы күннің демалысын қауіпсіз өткізуге болады. Сондықтан әрбір ата-ана мен бала өз міндетіне немқұрайлық танытпай, бала өміріне сақтықпен қарауы керек.

Аруза АЛБЕКҚЫЗЫ,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
І курс студенті
Фото: Н.Нұржаубай
27 мамыр 2025 ж. 190 0