Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су айдынындағы қауіпсіздік

Су айдынындағы қауіпсіздік

Мамыр айынан бастап суға түсіп, шомылу маусымы басталды. Сусыз тіршіліктің жоқтығы ақиқат екені де аян. Судың адамға тигізер пайдасымен қатар, зиянды тұстары да бар. Шомылу кезінде кенеттен адам денесі тітіркеніп, сіңірлері тартылып, қозғалыс қиындайды да суға бата бастайды. Оның аяғы ауыр қазаға апарып соғуы мүмкін. Сондықтан балалардың суға шомылуын қатаң бақылауда ұстау қажет. Өз бетінше суға түсуге болмайтынын, ағыны қатты, иірімді, терең жерлерге шомылуға тыйым салынатынын үнемі балаға ескертіп, қасында ересек адамдар болмаса, өз бетінше шомылуға қатаң тыйым салу қажет. Бұл әрбір ата-ананың тарапынан жасалынатын бала өміріне деген қамқорлық болып табылады. «Сақтансаң, сақтайды» демекші, жауапкершілікті тереңнен сезінуіміз қажет, суға шомылу ережесін бұзу қанша адамның өмірін қиып жатқаны баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілерінде айтылып жатады. Сондықтан оқыс жағдайдан сақтану әр адамның өз міндеті деп түсіну тиіс.
Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «112» және 21-2-00, 21-4-94 телефондарына хабарласуға болады.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
30 мамыр 2020 ж. 1 025 0