Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жаз мезгіліндегі судағы қауіпсіздік ережелері

Жаз мезгіліндегі судағы қауіпсіздік ережелері

Жаз мезгілінде өзен, көлдердің жа­ға­сында уақыт өткізген жақсы. Жаға­жайда демалып қана қоймай, ден­саулықты да нығайтуға болады. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адам­ды сергек етеді және жұмысқа қабілетін арттырады. Алайда ауданымызда су айдындарының барлығына суға түсуге рұқсат етілмеген, суға түсуге жарамды болып бекітілмеген. Жаздың ыстық күндері денені салқындату үшін суға шомылатынымыз барлығымызға мә­лім. Суға шомылу кезінде қарапайым ере­желерді сақтамасақ, бақытсыз жағ­дайларға тап болуымыз мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағ­дайда дер кезінде, тез және дұрыс ше­шім қабылдай білу керек.

Қайғылы жағдайларға адамдар кө­бі­не суға түсуге болмайтын жерге түсу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақ­тамау, балаларды суға түсу кезінде қараусыз қалдыру, суға мас күйінде түсу кезінде ұшырап жатады. Әрине, ауа температурасы 35-37 градустан жо­ғары болғанда адам өзен жағасында шомылмауы мүмкін емес, бірақ аз ғана шомылып салқындап аламын деп ойлап, жағажайдағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетіп жатады. Суда болған төтенше жағдайда адамның әрбір минуты қымбат. Егер сіз жақсы дайындықта болып, құтқарушының тәсілдерін, өз-өзіңізді құтқаруды, бар­лық қауіпсіздік ережелерін білсеңіз, онда өзіңіз тез әрі нақты шешім қабыл­дай аласыз.

Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз:

– Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.

– Суға түсуге болмайтын белгіден ас­паңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

– Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек!
– Ішімдік ішкен жағдайда суға тү­суге болмайды!

Тыйым салынады:

– Жүрек ауруымен ауыратын адам­дарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;

– Қатты толқын кезінде суға түсу;

– Үлкендердің қарауынсыз балалар­ды суға шомылуға жібермеу;

– Камерадан басқа талапқа сай кел­мейтін құралдармен суға түспеу;

– Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;

– Қауіпті жағдай туралы хабар есті­генде суда болмау;
– Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.

Барлық балалар ережелерді есте сақтау керек:

– Суға тек арнайы жерлерде түсу;
– Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;
– Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;
– Таныс емес жерлерге, жағалау­ларға суға сүңгімеу;
– Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
– Суға сынған банкілерді, әйнек­терді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
– Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
– Суға тек қасыңда үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
06 маусым 2023 ж. 418 0