Суға түсу маусымы аяқталады

– Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, оның ішінде суға шомылу маусымында судағы адамдардың әсіресе балалардың қазасы өзекті мәселе болып отыр. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Мәселен, өзен немесе каналдардың кез келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсу, балалардың ересектердің бақылауынсыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзу білмеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтырады. Жалпы, облыс бойынша 18 стационарлық және 8 модульдік бассейн орнатылған. Қосымша жеке кәсіпкерлер тарапынан жазғы демалыс орындарында 11 стационарлық бассейн бар. Сондай-ақ, облыс аумағында жазғы демалыс уақытында 8 балалар лагері жұмыс жасаса, департамент қызметкерлері және лагердің нұсқаушыларымен бірге жүзуді оқыту бойынша тегін сабақтар өткізілді. Өңірде суға шомылуға тыйым салынған 63 қауіпті аймақ тіркелген. Суға шомылу маусымы басталғалы бері күн сайын сағат 11:00 мен 22:00 аралығында жауапты сала мамандарымен бірге рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда,- деді Нұржігіт Бердібекұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі