Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Конго-Қырым қызбасы туралы не білеміз?

Конго-Қырым қызбасы туралы не білеміз?

Конго-Қырым қызбасы көктем мен жаз мезгілдерінде өршиді. Ауру белгілері кене шаққаннан кейін бір апта ішінде білінеді. Бүгінде ауданда 1 болжамды жағдай тіркеліп, зертхана қорытындысы теріс нәтиже беріп ЖРВИ ауыр ағымды, тромбоцитопения диагнозына ауыстырылып, сауықтырылды.

– Қазіргі таңда облысымызда Конго-Қырым қызбасының алдын алу шаралары басталды. Бүгінде аудан бойынша 12 елді мекен қолайсыз деп танылды. Атап айтқанда, Айдарлы, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған, Ақжарма, Іңкәрдария, С.Сейфуллин, Қалжан Ахун, А.Тоқмағанбетов және Тереңөзек кенті есепке алынды. Сондықтан кенеден қауіп көп деген сөз. Яғни, біздің климаттық жағдайымыз осы кенелердің өмір сүруіне өте қолайлы болып есептеледі. Әсіресе, далалық аймақта жұмыс істейтін адамдар үшін ауру жұқтырып алу қаупі арта түседі. Бұл ретте сақтық шараларының қатаң орындалуы аса маңызды.

Құралай ОМАРОВА,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Фото: Н.Нұржаубай
26 мамыр 2025 ж. 237 0