Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз!

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз!

Бүгін Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Самалбек Өмірбаев Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы қоғамдық даму бөлімінің баспасөз орталығында арнайы брифинг өткізді. Брифингке сала мамандары мен БАҚ өкілі қатысты.

Брифинг барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Оралбай Сәрсенбай Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы баяндады.

– Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын тасымалдаушы кенелер ал қоздырғышы вирус болып табылады. Ауруыдың белгілеріне тоқтала кететін болсам: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, теріде бөртпелердің пайда болуы, ине шаншыған жерлердің көгеруі, көз айналасының қызаруы, мұрыннан және тістің қызыл етінен қан кетуі. Вирус адам ағзасына енгеннен соң көпке дейін білінбей өсіп қан тамырларын зақымдайды. Әр адамдардың ағзаларының ерекшеліктеріне байланысты аурудың жеңіл және ауыр түрі өтуі мүмкін. Инкубациялық кезеңі (жасырын) 14 күн. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын қарым қатынаста болғандарды және де кене шаққан адамдарды осы клиникалық белгілерін анықтау мақсатында 14 күн медициналық бақылауға алынады, осы мерзім ішінде клиникалық белгілері анықталғанжағдайда жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылып зертханалық жолымен тексеріледі, дейді бас маман О.Сәрсенбай.

Аудан бойынша 2023 жылы 9 елді мекендер Айдарлы, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин, Іңкәрдария, Тереңөзек, Қалжан ахун ауылдары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз болып есепке алынса, 2024 жылы Ақжарма, Н.Ілиясов ауылдары қосылып 11 елді мекендер есепке алынып, кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмысшытобының құрамын және жоспарын бекіту туралы» 14.03.2024 жылғы №65 қаулысына сәйкес жұмысшы топ құрамы бекітіліп осы қолайсыз елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының сапалы жүргізілу мақсатында мал қораларды қи қоқыстан тазарту жұмыстары қадағалануда.
22 тамыз 2024 ж. 44 0