Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго-қырым геморрагиялық қызбасына қарсы дезинсекция жұмыстары басталды

Конго-қырым геморрагиялық қызбасына қарсы дезинсекция жұмыстары басталды

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу 2022 жылғы Қызылорда облысы бойынша аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында, облыс әкімінің 25 ақпан 2022 жылғы №494 «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, ауданымызда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарында 2022 жылы көктемгі эпимаусымында жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының кестесі бекітілді.

2022 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз деп танылған С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Айдарлы, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Іңкәрдария елді мекендері анықталысымен осы елді мекенде орналасқан ауылдық округ әкімдерімен хат алмасып, қолайсыз елді мекендердегі мал басы, (мүйізді ірі қара, түйе, уақ мал,) қора-жай, шаңлақ, суат саны мен көлемі нақтыланып, қора-жай, суат, шаңлақтар, мал жиналатын жерлер ескі қи-көңнен тазарту, механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді залалсыздандыруға дейін аяқтау жөнінде ауылдық округ әкімдеріне тапсырылып, жауабы алынды.

Аудан бойынша 8 елді-мекендерге санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық- профилактикалық жұмыстар 2 кезеңде жүргізілетін болады.

1-ші кезең кесте бойынша ағымдағы жылдың 27 сәуір мен 5 мамыр аралығында, 2-ші кезең 6 мамырдан 14 мамыр аралығында өткізіледі.

Аудан аумағында ауа-райы күрт өзгеруі туындаған жағдайда ( жауын-шашынды болуы, ауа температурасының төмендеуі) кестеге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Биылғы жылы ауданымызда залалсыздандыру жұмысын <<Ақтөбе дезинфекция>> жеке медицинциналық мекемесі 11 адам, 5-бірлік арнайы техникамен жүргізетін болады. Мердігер мекеме елді-мекендерде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу кезінде дәрілік заттармен жұмыс жасау кезінде тұрғындардың сақтық шараларын және жеке бас гигенасын, техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев ауылдық округ әкімдеріне залалсыздандыру жұмыстарын барынша тиімді, сапалы жүргізілуінің жауапкершілігі ауылдық округ әкімдері мен ветеринар мамандардан сұралатындығын ескертіп, маңыздылығын адам үшін, олардың өмірі үшін жасалып жатқаны жайында айтып, Конго- Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қоздырғышын тасымалдаушы иксодты кенелердің жылдағыдан ерте малдарға жабысып, ауру тудыру мүмкіндігінің күшейгеніне байланысты залалсыздандырумен қатар кенелерге қарсы ветеринариялық биопрепараттарды қолданудың тиімділін айтып, мамандарға залалсызсыздандыру кезінде залалсыздандырғыш ертіндіні бақылауда ұстау жөнінде және залалсыздандыру жұмыстарын барынша сапалы жүргізуді тапсырды.




Сырдария ауданының әкімдігі

27 сәуір 2022 ж. 561 0