Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстары жүргізілді

Жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстары жүргізілді

Жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында аудан орталығында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін құрылған мобильді топ құрамы аудан әкімдігі мен аудандық прокуратура өкілдерінен және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен тұрады.

Профилактикалық шаралар барысында жұмыс тобы Тереңөзек кенті аумағында жол-көлік оқиғасы жиі қайталанатын орындарды аралап, біршама жол белгілеріне байланысты кемшіліктерді анықтады. Сонымен қатар, тұрғындарға жолда жүру ережелері мен жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және жол көлік қозғалысы қауіпсіздігіне баса мән беру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасын табады. Аудан тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіздің және өзге азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 мамыр 2025 ж. 212 0