Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Еңбек пен бейнеттің жемісі – лайықты құрмет

Еңбек пен бейнеттің жемісі – лайықты құрмет

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Аудан басшысымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов бірге барып, мерекелік лебізін жеткізді.


Екінші дүниежүзілік соғыстың отты жолдары мен халықтың басына түскен қиын-қыстау адамзат баласының басындағы ең сұрапыл кезең еді. Әйтсе де майдандағы жауынгерлер мен тылдағы еңбеккерлер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, халықтың жеңіске жетуіне қолдан келгеннің бәрін жасады.

Тыл еңбеккерлері жоғары жақтан берілген жос­парды артығымен орындау жолында күні-түні еңбек етті. Осынау толассыз еңбек Ұлы Жеңісті жақындатты. Қиын жылдары бірі – қолына қару ұстап соғысса, екіншісі – мылтықсыз майданда аянбай тер төкті.

Мерекеге орай аудан әкімі ардагерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығымен берілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі мен Алғыс хат табыс етіп, сый-құрмет көрсетті. Құрмет көрсету кезінде Берік Әбдіғаппарұлы әрбір тыл ардагерінің табанды еңбегі мен ерен ерліктерін айрықша атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Тыл еңбеккерлері аудан әкімінің ыстық ықыласына ризашылықтарын білдіріп, елге амандық пен тыныштық тілеп, ақ баталарын берді.
Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы тыл ардагерлеріне мерекелік медальді үйлеріне барып табыстап, мерекемен құттықтады.


«Тт» ақпарат
10 мамыр 2025 ж. 88 0