Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақты ардагерлерге аймақ басшысының Жаңа жылдық құттықтауын жеткізді

Ардақты ардагерлерге аймақ басшысының Жаңа жылдық құттықтауын жеткізді

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров пен тыл және еңбек ардагері Рақымжан қажы Бәйменовтің үйіне арнайы барып, аймақ басшысының Жаңа жылдық құттықтауын жеткізді.

Аудан басшысы құрметті қарияларға Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының қолдауымен өңірде, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, жыл табысты қорытындыланғанын жеткізді. Бұл жұмыстардың нәтижелі болуында аға буын өкілдерінің елді бірлікке, ынтымаққа үндеп отыруының септігі мол екенін атап өтті.

103 жастағы Я.Тасыров пен 95 жастағы Р.Бәйменовке аймақ басшысының Құттықтау хатын табыс етіп, "Сырдария ауданының 95 жылдығы" мерекелік медалін тағып, сый-құрмет көрсетті. Қадірлі қариялар ел дамуына тілекші екендерін білдіріп, ақ баталарын берді.

Аудан әкімімен бірге ардақты ақсақалдарды аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар мерекемен құттықтады.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 желтоқсан 2023 ж. 153 0