Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аудан әкімі Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Аудан әкімі Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыровтың шаңырағына арнайы барып, Жеңістің 80 жылдығымен мерекелік құттықтауын жеткізді. Дәстүрге сай ардагердің иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.

Аудан басшысымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов бірге барып, мерекелік лебіздерін жеткізді.

Кездесу барысында аудан басшысы ардагердің ерлігін ерекше атап өтіп, өскелең ұрпаққа үлгі екенін айтты. Ардагер өз кезегінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрметке алғысын білдірді. Сондай-ақ, құрмет төріндегі ақсақал өз естеліктерімен бөлісіп, ақ батасын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

09 мамыр 2025 ж. 483 0