Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Медицина саласы қызметкерлерінің арасында волейболдан республикалық турнир басталды

Медицина саласы қызметкерлерінің арасында волейболдан республикалық турнир басталды

Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен психикалық денсаулық орталықтарының бас дәрігерлері мен қызметкерлері арасында волейболдан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Ақ халатты абзал жандар арасындағы дүбірлі додада еліміздің әр аймағынан келген 13 команда өзара сынға түспек.

Ашылу рәсіміне Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, ҚР бас психиатры Алтынай Есқалиева және Психиатрия саласында істейтін мамандар қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Сағат Алтынбеков құттықтау сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған байрақты бәсекенің қорытындысы 25 сәуір күні анықталмақ.

Ал, жарыс жеңімпаздарына қомақты қаржылай сыйақы мен кубоктар табысталатын болады.



@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

25 сәуір 2025 ж. 462 0