Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сырдариялық споршылар кубок иесі атанды

Сырдариялық споршылар кубок иесі атанды

Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының бастамасымен спорт саласы қызметкерлері арасында волейболдан басқарма кубогы үшін жарыс өтті.

Ұжым қызметкерлерін дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен сайысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 12 команда 200-дей сала қызметкерлері қатысып, үздіктер анықталды.

Нəтижесінде финалда Сырдария мен Арал ауданының командалары кездесіп, 2:0 есебімен басқарма кубогын сырдариялықтар иеленді.

Былтырғы жылы бірінші орынды иеленген Арал ауданы биыл екінші орыннан көрінді.

"ТТ" ақпарат
29 қараша 2019 ж. 1 140 0