Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Адам жанының арашашысы

Адам жанының арашашысы

Шын мәнінде, көпшілік ерекше қадірлеп, құрмет тұтатын сыйлы мамандықтардың бірі – дәрігер екені даусыз. Ақ халатты абзал жанның алдында болып, оның көмегін алмаған адам кемде-кем шығар. Басы ауырып, балтыры сыздаған пенденің бар сенері де, сүйенері де дәрігер болатыны рас. Осындай міндетті абыроймен атқарып келе жатқан аудандық аурухананың анестезиолог-реаниматологы Дастан Сәдірқожаев көптің алғысына бөлініп жүрген жайы бар.

Қиналған жанға қол ұшын беріп, жабыққан көңілін жұбату, «сауығып кетсем-ау» деген үміт отын лаулатып, сенім үдесінен шығу – оңай шаруа емес. Әрқашан жауапкершілігі мол жұмысты атқарып жүрген медицина қызметкері күні-түні аянбай қызмет етуде. Білікті маман Қарағандыдағы медициналық академияда жоғары білім алғанын айта кетейік. Туған жерге келіп, аудандық аурухананың рентген бөлімшесінде еңбек жолын бастады. Жұмыс барысында білімін жетілдіріп, 2018 жылдан бері аурухананың жан сақтау бөлімінде науқастардың ем-дом алуына жағдай жасап келеді. Қауырт жұмыстың аясында талай қиын жағдайға кезігіп, білімі мен тәжірибесінің арқасында көпшілігінің аяқтан тұрып кетуіне атсалысуда. Оған сауығып шыққан жандардың ризашылығы зор.
Дастан Сәдірқожаевтың медицина қызметкері болуына анасы мен ағасының ықпалы болған. Анасы Ақмарал Жөлкенова 30 жылдан аса жуық аудандық ауруханада мейірбике қызметін атқарып келеді. Ал ағасы Рүстем Сәдірқожаев – бүгінде облыстық жедел-жәрдем станциясы бастығының орынбасары. Жас дәрігердің жұбайы Мөлдір Нұрадинова да медицина саласының қызметкері.

«Адам жанының арашашысы» деген атқа лайық бо­лу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Бұл істе жас дәрігер Д.Сәдірқожаев бар білімі мен тәжірибесін ұш­тастырып жүр.


12 қыркүйек 2024 ж. 324 0