Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бу-газ қондырғысы құрылғысына қатысты мәселелер талқыланды

Бу-газ қондырғысы құрылғысына қатысты мәселелер талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Катар еліне іссапары барысында еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге бу-газ қондырғысын салу келісілген болатын.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ мен катарлық «Power International Holding» компаниялары арасында келісімге қол қойылып, жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары басталуда.

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен өткен мәжілісте станция құрылысына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Жиынға «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері, облыстық басқарма және жергілікті мекеме басшылары қатысып, бірқатар мәселе пысықталды.
Станция құрылысы үшін 250 гектар жер телімі белгіленген.

Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» бағытында 500 кВ жоғары қуатты электр желілері салынады.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы өте маңызды жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын болдырмауға, республиканың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мегажобаны 2028 жылдың аяғына дейін толық іске асыру көзделген.

@Қызылорда Облысының Әкімдігі
04 сәуір 2025 ж. 317 0