Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Роман Скляр China Power International Holding Limited басшылығымен кездесу өткізді

Роман Скляр China Power International Holding Limited басшылығымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Power International Holding Limited компаниясының төрағасы Ван Зичаомен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мамыр айындағы сапары барысында China Power International Holding Limited компаниясы мен ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, SANY Renewable Energy арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр стансасын салу туралы келісімге қол қойылған болатын.

Әңгімелесу барысында тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылап, энергетика саласындағы перспективалы жобалар туралы пікір алмасты.

China Power International Holding Limited компаниясының өкілдеріне ықылас таныта отырып Роман Скляр Қазақстан елімізге тікелей тартылған шетелдік инвестицияларды арттыруға үлкен көңіл бөлетінін, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.

Өз кезегінде компания төрағасы Ван Зичао екі ел арасындағы энергетика саласы бойынша өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тарапқа жобаны жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Фото: primeminister.kz
03 тамыз 2023 ж. 428 0