Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Заманауи бу-газ қондырғысы бой көтереді

Заманауи бу-газ қондырғысы бой көтереді

Өткен жылы Мемлекет Басшысының Катарға жасаған ресми сапарының нәтижесінде Қызылорда облысында қуаттылығы 1 100 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы қолға алынды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев мәлімдеді.

- Жобаны жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі 280 гектар жер телімін резервке алды, оның 100 гектары газ-электр станциясының құрылысына арналса, қалған бөлігі болашақ перспективалық жобаларды іске асыру үшін белгіленген. Аталған жоба аймақтың энергетикалық әлеуетін нығайтып, электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Аймақ басшысы Үкімет және тиісті министрліктермен бірлесіп жұмыс істей отырып, инвестициялық жобалардың тұрақты жүзеге асырылуын бақылауда ұстап, туындаған мәселелерді шешуге белсенді атсалысуда. Бұл өз кезегінде өңірге тартылатын инвестиция көлемін ұлғайтып, экономикалық дамуға серпін береді, - деді Ардақ Темірханұлы.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

07 наурыз 2025 ж. 245 0