Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған

Аудандық соттың 2025 жылғы 04 ақпандағы қаулысымен азамат Н-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгiленген.
Алайда, Н. ағымдағы жылдың 13 ақпанда алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сонысымен мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық сотта сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған тұлғаларға қатысты 6 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, әкімшілік жауаптылық түрлері белгіленген.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай