Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ертең Байқоңырдан ресейлік зымыран ұшады

Ертең Байқоңырдан ресейлік зымыран ұшады


«Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Союз МС-07» басқарылатын ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагарин» старт алаңына орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Ұшу 17 желтоқсан Мәскеу уақытымен 10.21-ге (Астана уақыты бойынша – 13.21) белгіленген.
Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік космонавт Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және JAXA астронавты Норишиге Канаи аттанады. «Союз МС-07» басқарылатын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 19 желтоқсанда түйіспек.
Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына үш адамнан тұратын экипажды және керек заттарды жеткізу және оларды Жерге алып қайту үшін жасалған.
16 желтоқсан 2017 ж. 2 323 0