Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аудан әкімі медициналық нысанның күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі медициналық нысанның күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аудандық аурухананың полиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелері күрделі жөндеуден өткізілуде.

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі медициналық нысанның құрылыс жұмыстары барысымен танысты.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғас Үсенов бүгінде ғимараттың сыртқы жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Аумағы үлкен ғимараттың ішіне полиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелері және жедел жәрдем бөлімшесі орналасатын болады. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Пульс» ЖШС атқаруда.

Аудан әкімі ғимаратты аралап көріп, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті. Халық ем алатын орынның күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды.
30 қазан 2024 ж. 456 0